Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 42 мыңнан асты

Эпицентрі Түркияның Кахраманмараш аймағында болған жер сілкінісінен қаза болғандар саны 42 310 адамға жетті.

Түркия үкіметі жанындағы табиғи апаттар және төтенше жағдайлармен күрес басқармасының (AFAD) мәліметінше, Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османие, Хатай, Килис, Малатия және Элязыг провинцияларында көп адам шығыны тіркелді. Апат аймағынан 448 018 адам эвакуацияланды.

Қазіргі уақытта апат аймағына AFAD, Түрік қарулы күштері, жағалау күзеті, өртке қарсы қызмет, үкіметтік емес ұйымдар, сонымен қатар халықаралық құрылымдарды қосқанда 14 740 қызметкер жұмылдырылған. Қоқыс шығаруға 13 700 техника жұмылдырылды.

Ұлттық қорғаныс министрлігі мен жағалау күзеті қолбасшылығы қызметкерлерді тасымалдау, гуманитарлық көмек және халықты эвакуациялау үшін барлығы 38 кеме бөлді. Сонымен қатар 301 289 шатырды орнату аяқталды, облыста 6 375 модульдік үй құрылған.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04:17-де – 7,7 балл және 13:24-те – 7,6 балл). Дүмпу елдің 10 провинциясында, сонымен қатар шекаралас Сирияда да сезілді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да