Сот Jusan Bank акцияларына шектеу қойды

15 ақпандағы жағдай бойынша компания активтерінің жалпы құнының (131 291 843 акция) 67,58%-іне тыйым салынды.

Бұған дейін бас прокуратура Jusan тобына бақылау үлесін Қазақстанға қайтаруға мүдделі екенін мәлімдеді. Қадағалаушы органға «Назарбаев қорынан» арыз түскен. Оған сәйкес, Jusan шетелдіктердің иелігіне өтіп кетті. Ал қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі бас прокуратураның азаматтық сотқа түсірген талабы банк клиенттерінің ақшасына қауіп төндірмейтінін хабарлады.

Jusan Bank акцияларға шектеу қойылғаны туралы хабарламаға пікір айтты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін ҚР бас прокуратурасының мәлімдемесінде айтылғандай, Jusan тобы құрылымдарының біріне қатысты азаматтық талап-арыз қаралып жатыр. Оның аясында акцияларды уақытша шектеу сынды стандартты рәсімдер мен процессуалды әрекеттер жасалды.

Азаматтық талап тек банктің шетелдік акционерлеріне қатысты және банк қызметіне, сонымен қатар серіктестермен немесе халықаралық корреспондент-банктермен, халықаралық төлем жүйелерімен жасалатын қарым-қатынасқа әсер етпейді. Тиісінше, банк әдеттегідей еш шектеусіз жұмыс істей береді. Jusan Bank тікелей немесе жанама түрде де жауапкер немесе соттасып жатқан тарап емес. Сондықтан банкке ешқандай санкциялар қолданылмайды, — делінген банк хабарламасында.