ЕЭК статистика департаментінің мәліметінше, өсім одақтың барлық мемлекетінде байқалды: Ресейде – 10,2%-ке, Қазақстанда – 9,1%-ке, Қырғызстанда – 7,3%-ке, Беларусьте – 3,6%-ке, Арменияда – 1,6%-ке.
Еуразиялық экономикалық одақ елдері былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды 9,4%-ке арттырды. Оң динамика негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары, бірінші кезекте дәнді және бұршақ дақылдары өнімділігінің артуы есебінен жинау көлемінің ұлғаюымен байланысты, — делінген хабарламада.
Мысалы, былтыр ЕАЭО 2021 жылмен салыстырғанда астықты 25,4%-ке (өңдеуден кейінгі салмақта) көп жинады.
Сонымен қатар ЕАЭО-да мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру 2021 жылмен салыстырғанда мал мен құс (тірі салмақта) 2,1%-ке, сүт – 1,7%-ке, жұмыртқа – 2,6%-ке өсті, — делінген хабарламада.