Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447 – 451 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 446,5 – 450 теңге аралығында құбылып тұр.
20 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 78 теңгеге өсіп, 447, 55 теңге болған.
Ұлттық банктің 21 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 68 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,05 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,8 – 6, 05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,95 — 6,03 теңгеден сатылып жатыр.
