Тағы да жылу жоқ: энергетика министрлігі Екібастұздағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Ақпанның 17-нен 18-іне қараған түні сағат 4.55-те станцияда желілік су құбырының ысырмасы аймағында тығын үзіліп кеткен. Құбырдың бұзылған жерін жөндеу үшін жұмыс бригадасы үш қазандық пен желілік сорғылардың жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып, жөндеу жұмыстарына кіріскен.

2023 жылғы 18 ақпанда сағат 04.37-де Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы бұзылды. Сөйтіп салқындатқыш температурасы параметрлерін төмендету арқылы су жылыту қазандықтары тоқтатылды. Шамамен сағат 20.00 кезінде жөндеу жұмысы аяқталды, коллекторды толтырғаннан кейін сағат 23.00-де жылу желісінің параметрлерін көтеру үшін кезек-кезек су жылыту қазандықтары іске қосыла бастады, — делінген министрлік хабарламасында.

Министрліктің хабарлауынша, Екібастұз ЖЭО-да алты қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беру температурасы — 70 градус.