Асхат Оралов: Ауылдық жерлерде спортшыларды даярлау керек

Бұл туралы ол Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Легионерлер үшін емес, бірінші кезекте жергілікті жастарға жағдай жасау керек. Жастарымыз спортпен шұғылданып, тәжірибе алмасу қажет. Кейін олар олимпиада және әлем чемпионатына барып, жеңімпаз болып келеді, — деді министр.

Асхат Оралов облыс тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізген соң, азаматтарды жеке қабылдады. Қоғамдық қабылдаудан кейін ескек есу каналының құрылыс алаңына барды.

Министрдің айтуынша, ол жерде спорт нысандарын салу жоспарланып отыр.