Үкіметте ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету шаралары қаралды

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңесте егіс науқанының қарсаңында ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толықтыру, делдалдық схемалардың алдын алу, сонымен қатар жалпы сауда-саттықтың ашықтығын арттыру шаралары қаралды.

Талқылауға энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылары қатысты.

Премьер-министр өндірушілерің ішкі нарыққа жанар-жағармай материалдарын үздіксіз жеткізуін қамтамасыз ету, сонымен қоса кез келген жағдайға уақытылы жедел әрекет ету үшін қорлар мен сатылымдарға тұрақты режимде мониторинг жүргізу керек екенін айтты.