Jusan Bank баспасөз қызметінің хабарлауынша, банк әдеттегідей жұмысын жалғастырып жатыр және клиенттер алдындағы барлық міндеттемені орындады.
Қазақстан Республикасына активтерді қайтару бойынша көп қате пікір мен болжамға жауап ретінде олардың банктің өзіне тікелей қатысы жоқ екенін айтып өткен жөн. Банк пен онымен байланысты барлық актив Қазақстанда орналасып, экономиканың игілігі үшін жұмыс істеп жатыр және жұмыс істей береді, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бас прокуратура Jusan тобын Қазақстанға қайтаруға әрекет жасап жатыр.