Жақында Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанын білесіздер. Менің тапсырмаммен бауырлас Түркия еліне құтқарушылар және дәрігерлер жіберілді. Олардың арасында Ақмола облысының мамандары да бар, яғни 18 адам. Біздің құтқарушылар бірнеше адамды аман алып шықты. Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтамын! Түркиядан аман-есен оралған соң оларды міндетті түрде марапаттаймыз, — деді президент.
Еске салайық, 7 ақпанда Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек беру үшін Түркияға аттанды.
8 ақпан күні қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны – жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептер аттанды.