Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстандықтар Түркияға көмек ретінде 600 мың доллар жинады

Фото: Elifaysenurbay

Бұл туралы Түркия елшілігінің Facebook-тегі ресми аккаунтында жарияланды.

Ведомство мәліметінше, 10 ақпанда AFAD ресми шотына қазақстандықтардың 616 000 доллар көлеміндегі қайырымдылық қаражаты аударылған. Қайырымдылықтың жалпы сомасы 1 миллион 819 мың доллар болды.

Астанада орналасқан Түркияның Қазақстандағы елшілігі демалыс күндері де көмек қабылданатынын атап өтті.

Көрпелер, генераторлар, жылытқыштар, ұйықтайтын қаптар, шатырлар, төсеніштер, лагерь төсектері сияқты заттар ерекше алғыспен қабылданады, — делінген елшілік хабарламасында.

Мақалаға реакция