28 градус аяз: 7-9 ақпан күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліетінше, Қазақстанның басым бөлігіне Жерорта теңізінен келетін циклон әсер етіп, қалың қар жауады. 9 ақпанда елдің шығысында қалың қар, оңтүстікте қар аралас жаңбыр болуы мүмкін. Сонымен қатар республиканың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

Еуропа аймақтарынан келетін антициклонның әсерінен ауа температурасы түнде батыста және шығыста 13-21, солтүстікте 20-28, орталықта 15-26 аязға дейін төмендейді. Күндіз батыста 7-12, солтүстікте 15-20, шығыста және орталықта 10-18 аязға дейін, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да