Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау департаменті директоры лауазымын атқарған.