Бүгін еліміздің бес қаласында ауа ластанады

2023 жылғы 04 ақпанда Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Павлодар және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады», — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар − атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін.