Алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын болады

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстікте қатты жауын-шашын болады. Республиканың солтүстік жартысына әлі де жоғары қысымды өріс әсер етеді, аязды, желсіз және ашық ауа-райы сақталады.

Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен жауын-шашын болжанады.

Елдің батысында негізінен қар, шығысында жаяу бұрқасын аралас қар жауады, республиканың оңтүстік жартысында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз 7-12-ге дейін көтеріледі. Елдің солтүстігі мен оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде жел күшейеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да