Мусин Астанадағы интернет сапасы нашар жерлерді атады

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде халық тарапынан интернет сапасына қатысты шағымдар артып келеді. Оны министрдің өзі де растап отыр.

Жұртшылық бостан бос шағымданбайды. Астанадағы Тұран даңғылына шықсақ, байланыстан ажырап қалатын кездер болады. Манхэттен, SAT City тұрғын үй кешені және КАЗГЮУ аумағында байланыс сапасы нашар. Бұл мәселені бірлесіп шешуіміз керек, — деді Мусин.

Министр өзара іс-қимылды күшейту қажет деп санайды. Оның айтуынша, проблемалық жер учаскелерін анықтап, әкімдікпен бірге мәселені сол жерде шешу қажет. Мусин операторларға байланыс сапасына қатысты мәселелерді уақытылы шешуді тапсырды.

Біз реттеуші ұйым ретінде айыппұлдарды салуды тоқтатпаймыз. Бірақ менің ойымша, бұған басқаша бағытта қарау керекпіз. Яғни, келіссөздерге келіп, әр тақырып пен бағыт бойынша мәселелерді бірлесе шешуіміз керек, — деп атап өтті министр.