«Самұрық-Қазына» 217 компанияны сатылымға шығарады

Дәурен Тасмағамбетовтың айтуы бойынша, басты мақсат — «экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы» елдерінің стандарттарына сәйкес қордың экономикадағы үлесін 1,5 пайызға қысқарту.

«Қор активтерін жекешелендіру бағдарламасы белсенді жүргізіліп жатыр. Оның аясында 217 актив екі кезеңге бөлініп сатылады. Бірінші тізбеде 45 ірі компания бар.  «Қазатомөнеркәсіп», «Эйр Астана» IPO-ға шығарылатын компаниялар тізімінде. Акцияларды орналастыру туралы шешім көптеген факторға байланысты. Макроэкономикалық аxуал, құнды қағаздар нарығындағы жағдай мен компаниялардың дайындығы ескеріледі», — дейді ол.

2016 жылы қор екінші тізбедегі активтердің 75 пайызымен жұмыс істеп, мемлекеттік комиссияның келісімі бойынша оларды сатуға кірісті. Ірі активтерді сату 2018 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

ДереккөзAstanatv.kz.