Ұлттық банктің долларға қатысты ресми бағамы белгіленді

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459-462 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 459,5-463 теңге аралығында құбылып тұр.

27 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,87 теңгеге төмендеп, 460,44 теңге болған.

Ұлттық банктің 30 қаңтардағы ресми бағамы бойынша, 1 доллар 460,43 теңге болып тұр.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,65 теңге болды.

Дәл қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,32-6,62 теңге аралығында саудаланып жатыр.