Петропавлда су құбырында тағы да ірі апат болды

28 қаңтарда сағат 7-де 314-ші атқыштар дивизиясы көшесінің бойында диаметрі 800 миллиметр су құбыры зақымдалды. Салдарынан қалалық желідегі қысым төмендеді. Қазіргі уақытта бұл учаскеде су қысымы қалпына келтіріліп жатыр, — деді қала басшысы.

Алайда жұмыс толық аяқталғанға дейін Жұмысшы ауылында, Береке шағын ауданында, Вокзал маңы ауданында су болмайды.

Әкімдік мән-жайды баяндап, ақпарат беріп отыратынын айтты. Қала әкімі Руслан Анбаев жағдайды жеке бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұл осымен қалалық су құбырында болған төртінші ірі апат.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да