Астанада бір күнде есірткі сататын бес адам ұсталды

Полиция қызметкерлері елорда аумағына есірткі заттарын таратып жүрген қылмыстық топты ұстады.

Топты бұрын сотталған 37 жастағы ер адам ұйымдастырған. Оның пәтерін тінту кезінде 8 келі «гашиш», электрон таразы, «зиплок» және 450 000 теңге табылды. Жедел-іздестіру кезінде есірткіні сақтаған, буып-түйген және оларды іске асырумен айналысқан қылмыстық топтың тағы екі мүшесі ұсталды.

Полицейлер заңсыз айналымнан 23 келіге жуық есірткі тәркіледі. Бұл 46 мыңнан астам бір реттік дозалар.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдікті қамауда отыр, тергеу жүргізіліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да