Қор нарығында доллар бағамы тағы төмендеді

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,88 теңгеге төмендеп, 1 доллар 460, 43 теңге болды.

Айта кетейік, ұлттық банктің 27 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461,37 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 460,5 теңге, сатып алу – 464 теңге.

Ал Астана бойынша сату бағамы – 459 теңгеден болса, сатып алу – 462.

Ресей рублі 6,42 – 6,52 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, қор нарығында доллар бағамы бес күн қатарынан арзандап жатыр.