Алматыда жер сілкінісі сезілді

27 қаңтарда сағат 06:10-да ТЖМ СТӘЭ сейсмикалық станциялар желісінде жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 191 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9. MPV магнитудасы — 5,2. Тереңдігі — 10 шақырым.

МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда 2-3 балдық жерасты дүмпулері сезілген.