Сенат комитеттерінің жаңа төрағалары сайланды

Андрей Лукин Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып сайланды.

Асқар Шәкіров халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

Қаржы және бюджет комитетін Сұлтанбек Мәкежанов басқарды.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып Сүйіндік Алдашев сайланды.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып Нұртөре Жүсіп сайланды.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып Әли Бектаев сайланды.