Еліміздің 13 өңірінде су тасқыны қаупі өте жоғары

Төтенше жағдайлар министрлігі елді мекендерді су тасқынынан қорғауға ерекше назар аударады. Барлығы білетіндей, бұл табиғи процесс қайтымсыз және үнемі алдын алу шараларын қажет етеді. Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, оның қату тереңдігін талдай отырып, сонымен қатар қар астында мұз қабығының болуын ескеріп, су тасқыны қаупі бар аймақтар тәуекел дәрежесіне қарай бөлінеді. Тәуекелдері жоғары өңірлерге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары жатады, — деді министр.

Оның айтуынша, орташа тәуекелдерге Павлодар және Ұлытау облыстары кіреді.

Бүгінгі таңда су басу қаупі аймағында 255 елді мекен бар. Оларда 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат қалып отыр. Былтыр су тасқынының өтуін талдау қорытындысы су басудың негізгі себептері өзен арналарының толып кетуі мен балдырлануы, дренаждық-арық жүйелерінің болмауы, су қорғау белдеулерінде үйлер салу екенін көрсетті, — деді Юрий Ильин.