Алматыда Рысқұлов даңғылын ұзарту жобасының картасы жарияланды

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, Т.Рысқұлов даңғылын Ф.Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жобасы мемлекеттік сараптамадан өтті. Оның жалпы ұзындығы — 2,3 шақырым.

Сонымен қатар осы жоба бойынша республикалық бюджеттен 100 миллион теңге қаражат бөлуге өтініш берілді. Бірақ өтініш әлі мақұлданған жоқ.

2301231543471307g Алматыда Рысқұлов даңғылын ұзарту жобасының картасы жарияланды

Қазіргі уақытта жерге орналастыру жобасы жер қатынастары басқармасымен бірге дайындалып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары жер учаскелерін сатып алғанан кейін басталады, — деп хабарлады басқармадан.

Бұған дейін Алатау ауданының тұрғындары қала әкімімен кездесуде Т.Рысқұлов даңғылын Ф.Оңғарсынова көшесінен Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту жобасын қайта қарауын сұраған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да