Қор нарығында доллар 461-464 теңге аралығында саудаланып жатыр

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 462,55 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 6,74 теңге.

20 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 26 теңгеге төмендеп, 462,59 теңге болған.

Ресей валютасы 6,73 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462 – 465 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 461– 464,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6, 35 – 6, 65 теңгеге сатып алуға болады.