Мәжіліс пен мәслихатты сайлауға қандай партиялар қатыса алады?

Сайлауға мына саяси партиялар түсе алады:

  • Қазақстанның Халық партиясы;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
  • Amanat партиясы;
  •  «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;
  • «Байтақ» Қазақстандық жасылдар партиясы;
  • Respublica партиясы;

«Байтақ» партиясының көптеген өңірде құрылымдық бөлімшесі жоқ. Сондықтан Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстарында ғана мәслихат депутаттарын сайлауға қатыса алады.

Ал Respublica партиясы мәслихат депутаттарын сайлауға қатыса алмайды, өйткені өңірлерде бөлімшесі жоқ.

Айта кетейік, елімізде 19 наурызда парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттары кезектен тыс сайланады. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда сағат 18:00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпанда сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.

18 наурыз – тыныштық күні, 19 наурыз – сайлау күні.