Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны тағы артты

21 қаңтардағы мәлімет бойынша, 70 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

1 835 адам коронавирус инфекциясынан (–1 681+ және 154 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 696 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

  • 8 адамның жағдайы ауыр,
  • 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.