Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.
Биатлоншыларда 10 шақырымдық спринт өтті. Қазақстан атынан Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Вадим Куралес және Бекентай Тұрлыбеков қатысты.
Бекентай Тұрлыбеков екі ату шебінде бірде-бір оқ жібермей, 27:51.5 уақытын көрсетті.
Америкалық Бьорн Вестервельт Тұрлыбековтен 8,3 секундқа қалып, күміс жүлдегер атанды.
Қола жүлдені тағы бір қазақстандық Александр Мухин жеңіп алды: ол көшбасшыдан 22,2 секундқа қалып, екінші атуда екі рет мүлт кетті (0+2).
Медальдар кестесінде Қазақстан спортшылар үш алтын, бір қола жүлдемен үшінші орынға көтерілді. Алда Жапония (он төрт алтын, тоғыз күміс, үш қола) және Финляндия (үш алтын, бір күміс, бір қола) құрамасы келеді.
Еске салайық, 15 қаңтарда универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түскен болатын. Биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды.
Ал 17 қаңтарда Данил Васильев 257,3 ұпаймен қалыпты трамплинде шаңғымен секіру бойынша үздік атанды.