2022 жылдың мамыр айынан бастап прокурорлар кәсіпкерлерге қатысты басталған сотқа дейінгі барлық тергеп-тексерулерге тексеріс жүргізді. Осы кезеңде экономика саласында 360-тан астам қылмыстық іс тоқтатылды. Сонымен қатар жаңа «Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» қабылданды, оған сәйкес прокурорлар бизнес субъектілеріне қатысты әрбір іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуының заңдылығын бір тәулік мерзімде тексеруге және бұзушылықтар анықталған кезде қылмыстық қудалауды дереу тоқтатуға міндетті. Іс заңды түрде қозғалған деп танылған жағдайларда прокурор кейін әрбір 15 күн сайын тергеу жүргізудің заңдылығы мен сипатын оның толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ете отырып тексереді, — делінген хабарламада.
Прокуратураның хабарлауынша, егер бұрын еліміз бойынша кәсіпкерлерге қатысты ай сайын 150-ге жуық іс қозғалса, қазір олардың саны 2,5 есеге азайды.
Алматы облысында арнайы «Бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топтың боты» енгізілді. Бұл тек бір QR коды арқылы прокуратураға сигнал жіберуге мүмкіндік береді.
Жалпы, 2022 жылы кәсіпкерлік саласындағы бұзушылықтар бойынша 1 330 қадағалау актісі енгізілді, уәкілетті органдардың 1 230 заңсыз тыйым салу және шектеу шаралары жойылды, 1 240 адам жауапқа тартылды, — делінген хабарламада.
Кәсіпкерлердің құқықтары бұзылған жағдайда дереу 115 (Call-орталық), (7172) 30-17-93 немесе +7 702 629 75 61 нөмірлері бойынша (Бас прокуратураның мобильді тобы) немесе аумақтық прокуратура органдарының сайттарында көрсетілген нөмірлер бойынша тікелей хабарласуға болады.