Тоқаев мемлекеттік сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

Екі ел басшылары Қазақстан мен Араб әмірлігі арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын, сонымен бірге маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.

Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысады, сонымен қатар іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.