Сенат депутаттары сайлауының алдын ала нәтижесі жарияланды

Парламент сенатының сайлауы аяқталды. Алдын ала нәтижеге сәйкес, Сенат депутаттарының тізімі:

Астана — ҚР парламенті сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай.

Алматы —  «Алматы даму орталығы» АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі Жанна Асанова.

Шымкент — Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров.

Абай облысы — Семейдегі құрылыс колледжінің директоры Қайрат Тастекеев.

Ақмола облысы — облыстық мәсихат хатшысы Талғат Жүнісов.

Ақтөбе облысы — облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов.

Жамбыл облысы — Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев.

Атырау облысы — облыстық мәслихат депутаты Әлібек Наутиев.

Алматы облысы — сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев.

Батыс Қазақстан облысы —  облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.

Қарағанды облысы — облыстық мәслихат хатшысы Серік Өтешов.

Қостанай облысы —  облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.

Қызылорда облысы — мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов.

Маңғыстау облысы — облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров.

Павлодар облысы — облыстық мәслихаттың хатшысы Ернұр Айткенов.

Солтүстік Қазақстан облысы — оқу-ағарту министрлігі орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Ұлытау облысы — сенат депутаты Советбек Медебаев.

Шығыс Қазақстан облысы — облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтов.

Жетісу облысы —  сенат депутаты Амангелді Төлемісов.

Түркістан облысы — Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек.