Басты бетЖаңалықтарАлматыда оқушылар...

Алматыда оқушылар мен студенттер қашықтан оқытуға көшірілді

Ведомство мәліметінше, өзгеріс барлық мектеп оқушыларына, сонымен қатар бірінші және екінші курстағы колледж студенттеріне қатысты.

Алматының білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 12-13 қаңтарда 0,1-11 (12) класс оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтан оқыту талаптары мен ережелеріне сәйкес қашықтан оқытуға көшетінін хабарлайды, — делінген хабарламада.