Президент Қазақстанның үш елдегі елшісін тағайындады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен:

Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;