Былтыр пайдалануға берілген баспана саны 8,8%-ке азайды

Бір жыл ішінде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 9,4%-ке ұлғайды. Көрсеткіштің оң өсуі 18 өңір бойынша тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғарғы өсуі Ақмола, Алматы, Атырау облыстарында және Шымкент қаласында байқалды. 2022 жылы 15,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,8%-ке кем, — деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл көрсеткіштің төмендеуі Алматы және Астана қалаларында, сонымен қатар Ұлытау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында пайдалануға берілген тұрғын үй санының азаюы есебінен болып тұр.

Басқа 14 өңірде оң өсу тіркелді. Ең жоғарғы көрсеткіштер Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында және Шымкент қаласында байқалды, — деді ол.

Оның дерегінше, ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 9,1%-ке ұлғайды.

Саладағы өндірістің оң өсуі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті, — деді Әлібек Қуантыров.