Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Газға қосылу үшін құжат алу тәртібі жеңілдеді

Фото: 7kun.kz

Бұл туралы энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Техникалық шарттарды алуға өтінімді онлайн режимінде – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сайтындағы тұтынушының жеке кабинетінде, сонымен қатар компанияның өңірлердегі өндірістік филиалдарының мекенжайлары бойынша беруге болады, — делінген хабарламада.

Энергетика министрлігі өтініш өңделгеннен кейін дайын техникалық шартты SMS хабарлама түрінде жолданған сілтемеден жүктеп алуға болатынын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ құжаттарды тегін береді.

Техникалық шарттарды бергені үшін ақы талап етсе, сонымен бірге компания қызметкерлерінің заңсыз және сыбайлас жемқорлық белгілері бар әрекеттерінің басқа да фактілері анықталса, хабарлауды сұраймыз. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бірыңғай байланыс орталығына 5169 нөмірі арқылы хабарласуға немесе +7 777 121 26 26 нөміріндегі мессенджерлер арқылы жазып, қоңырау шалуға болады. Қазақстан аумағынан қоңырау шалу тегін, — делінген хабарламада.

Мақалаға реакция