Бес облыста республикалық автожолдардың 23 учаскесінде қозғалыс шектелді

Бұл туралы QazAvtoJol Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қардың көп түсуіне, боран мен көрінудің шектелуіне байланысты республикалық трассалар жабылды.

Ақмола облысының 7 жол бөлігінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Олар:

1. «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» тасжолының 232-260 шақырымы;

2. Қостанай облысының шекарасы-Сурган ауылы аймағы;

3. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының 64-82 шақырымы;

4. Есіл қаласы – Бұзылық ауылы бөлігі;

5. «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 440-552 шақырымы;

6. Державинск қаласы-Сурган ауылы;

7. «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 917-1003 шақырымы;

8. Жақсы ауылы – Атбасар қаласы бөлігі;

9. «Көкшетау-Атбасар» жолының 49-184 шақырымындағы Зеренді ауылы – Атбасар қаласы бөлігі;

10. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» тасжолының 0-64 шақырымы;

11. Жақсы ауылы-Есіл қаласы аймағы;

12. «Жезқазған-Петропавл» жолының 377-440 бөлігіндегі Қостанай облысының шекарасы-Державинск қаласы аймағы.

Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 жолдағы көлік қозғалысы шектелді:

1. «Алматы-Өскемен» тасжолының 557-615 шақырымындағы бөлігі, яғни Үшарал қаласы-Абай облысының шекарасында автокөлік қозғалысына тыйым салынды.

2. «Сарыөзек-Көктал» тасжолының 45-68 шақырымында (Алтын Емел) жүк көлігі мен қоғамдық көліктің жүруіне шектеу қойылды.

Абай облысында 6 жол бөлігі жабылды. Олар:

1. «Алматы-Өскемен» тасжолының 615-768 шақырымы, Жетісу облысының шекарасы-Аягөз қаласы,

2. «Таскескен-Бақты-ҚХР шекарасы» жолының 0-75 шақырымы, Таскескен бұрылысынан- «Алматы-Өскемен» тасжолынан Үржар ауылына дейін;

3. «Омск-Майқапшағай» тасжолының 910-1002 шақырымы, Қалбатай ауылы-Көкпекті ауылы аймағы;

4. «Омск-Майқапшағай» жолының 1002-1087 шақырымы, Көкпекті ауылы-Бұғаз ауылына бұрылыс бөлігі;

5. «Алматы-Өскемен» жолының 971-1068 шақырым бөлігі, Қалбатау ауылы-Өскемен қаласы аймағы;

6. «Таскескен-Бақты-ҚХР шекарасы» тасжолының 75-187 шақырымы, Үржар ауылы-ҚХР шекарасы аймағы.

Шығыс Қазақстан облысында 6 жол бөлігінде қозғалыс шектелді:

1. «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» жолының 105-123 шақырымы, Шемонаиха қаласы-РФ шекарасы;

2. «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» 32-102 шақырымы, Предгорное ауылы-Шемонаиха қаласы;

3. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман шоқысы» тасжолының 6-66 шақырымы, Ушановское ауылы-Серебрянск қаласы;

4. «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы жолының 15-105 шақырымы, Белоусовка ауылы-Риддер қаласы бөлігі;

5. «Өскемен-Алтай-Қатон-Қарағай-Рахман шоқысы» тасжолының 66-166 шақырымы;

6. «Алматы-Өскемен» тасжолының 778-967 шақырымында, Аягөз қаласы-Қалбатау ауылы бөлігі.

Сонымен қатар Серебрянск қаласы-Алтай қаласы жол бөлігінде жүк көлігі мен қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынды.

Қостанай облысында 2 жол бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, олар:

1. «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» тасжолының 108-232 шақырымы, яғни Әулиекөл ауылы-Ақмола облысының шекарасы;

2. «Жезқазған-Петропавл» жолының 340-377 шақырымы, Арқалық қаласы-Ақмола облысының шекарасы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да