Эльвира Азимова Конституциялық соттың төрайымы болды

Мемлекет басшысының жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды, — делінген хабарламада.

Эльвира Азимова 1973 жылы дүниеге келген. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1990-1991 жылдары Шымкенттегі Дзержинский аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші операторы болып жұмыс істеуден бастаған.

1996-2013 жылдары ҚР әділет министрлігінің жүйесінде жетекші кеңесші, бас кеңесші және маман, орынбасар және басқарма басшысы, сонымен қатар, ҚР халықаралық қызметін нормативтік қамтамасыз ету департаметінің директоры болған.

2013 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстанның әділет министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Ал 2019 жылдың қыркүйегінен бері адам құқықтары жөніндегі уәкіл болған еді.