Елімізде орташа зейнетақы мөлшері анықталды

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 276 мың зейнеткер тұрады.

11 айда 2,7 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді. 2022 жылғы қарашада зейнетақы төлемдеріне республикалық бюджеттен 245,9 миллиард теңге бөлінді, оның 74,9 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 171 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленді, — делінген хабарламада.

1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы өседі. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері келесі жылы 40 567 теңгені құрайтын ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты, сонымен қатар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-тен 60%-ке дейін ұлғаюына байланысты ұлғайтылады.

Осылайша, базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақының ең төменгі мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 68 223 теңгеден (2022 жылы) 77 417 теңгеге дейін өседі.