Бір жылда ипотекаға берілген кредит 44% өсті

Бұл туралы Ranking.kz сайты хабарлады.

Несие беру объектілері бойынша неғұрлым елеулі өсімді азаматтардың тұрғын үй салу және сатып алу сегменті, яғни ипотекалық сегмент көрсетті: бір жылда бірден 44,8% көбейіп, 4,6 триллион теңгеге жетті. Бір жыл бұрын экономикаға берілген барлық несиенің 18,4%-ін ипотека құраса, қазір оның үлесі 21,4%.

Одан кейін азаматтардың тұтынушылық қажеттіліктеріне арналған несиелер: мұнда портфельдің жылдық өсімі 25,2%-ті құрап, 7,3 триллион теңгені құрады, ал сегмент үлесі бір жылда несиенің жалпы көлемінің 33,9%-тен 34%-ке дейін өсті.

Сонымен қатар бір жыл ішінде кәсіпкерлерге айналым қаражатын толтыруға берілген несие 5,7% өсіп, 3,2 триллион теңгеге жетті. Сегмент несие нарығының 15%-ін алып жатыр, бір жыл бұрын 17,7% еді.