Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ақмола және Қостанай облыстарында боранға байланысты бірнеше жол жабылды

Фото: I.pinimg.com

Компания мәліметінше, Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты көріну шектеліп, Әулиекөл кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін автокөліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізілген.

Ақмола облысында көрінудің нашарлауына байланысты жабылған тасжолдар:

  • «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолының Қостанай өңірі шекарасынан Сұрған кентіне дейінгі аралығы;
  • «Жақсы-Есіл-Бузулук» тасжолының Есіл қаласынан Бузулук ауылына дейін;
  • «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Бузулук ауылынан Сұрған кентіне дейінгі аралығы.

Республикалық жолдар желісінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 200 арнайы техника жұмылдырылды.

Мақалаға реакция