Ауа райына байланысты үш облыста жолдар жабылды

Облыста жабылған жолдар:

«Екатеринбург-Алматы» — 1492-1854 шақырымның учаскесі (Қарағанды — Балқаш);

«Екатеринбург-Алматы» 1426-1457 шақырымның учаскесі (Теміртау— Қарағанды);

«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-219 шақырымының учаскесі (Қарағанды— Қарқаралы);

«Қызылорда-Павлодар» 967-1066 шақырымының учаскесі (Қарағанды — Молодежный кенті)

«Қызылорда-Павлодар» 762-906 шақырымның учаскесі (Атасу кенті — Топар кенті);

«Қалқаман-Баянаул-Үміткер-Керней-Ботақара» 231-324 шақырымның учаскесі (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті);

Бұдан бөлек, Павлодар облысында Қалқаман кентінен бастап Қарағанды облысына дейінгі жол жабылды.

Ал Шығыс Қазасқтан облысында «Өскемен– Алтай — Үлкен Нарын — Қатонқарағай — Рахмановские ключи» тас жолының 6-66 шақырым учаскесінде (Ушановское кенті — Серебрянск қаласы) көлік қозғалысы шектелді.

Сонымен қатар «Өскемен-Шемонайха – РФ шекарасы» тас жолының 36-123 шақырымы – Предгорное кенті мен Ресей шекарасының аралығы жабық.