Жаңа жыл қарсаңында қосымша вагондар жолға шығады

Қазір пойыз кестесі бойынша талдау жүріп жатыр. Жаңа жылда қосымша пойыздарды іске қосу жоспарда жоқ. Дегенмен қосымша вагондар болады. Жолаушылар ағынына қарай пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі. Қосымша вагондар барлық бағыт бойынша қосылады, — деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турында.

Бас директордың мәліметінше, қосымша вагондар 25 желтоқсаннан бастап сапарға шығады.