Әділет министрлігі жаңа саяси партия тіркелгені жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Бұқаралық ақпарат құралдарында Respublica партиясын тіркеу туралы ақпарат пайда болды. ҚР әділет министрлігі 24 қарашада Respublica саяси партиясын құру ниеті туралы хабарламаның келіп түскені туралы растау ғана берілгенін нақтылайды. 3 желтоқсанда Respublica саяси партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылтай съезін өткізді, тіркеуге құжаттар келіп түседі деп күтеміз. Әділет министрлігі БАҚ өкілдерінен нақтыланбаған ақпарат үшін кешірім сұрайды, — деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бүгін әділет министрі Қанат Мусин парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалын жауап бере келе Respublica саяси партиясының ресми тіркелгенін айтқан болатын.