Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ақорда Козачковтың ұсталуы туралы: Журналистің заңды құқығы толық сақталуға тиіс

Михаил Козачков. Фото: Тime.kz

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті, — делінген Руслан Желдібайдың жазбасында.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматы ретінде ұсталған журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін журналист Михаил Козачков ұйымдасқан қылмыстық топқа көмектескен деген күдікпен ұсталғанын жазған болатынбыз.

Мақалаға реакция