Алматыда алты мың ата-анаға айыппұл салынды

Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, ювеналды полиция қызметкерлері түнгі уақытта үйлерінен тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде жүйелі түрде рейдтер жүргізіледі.

Жыл басынан бері әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442-бабы 1,2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық негізінде 6 354 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 185 кәсіпкерлік субъектісіне де әкімшілік шара қолданылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.