«Әлихан және уақыт машинасының құпиясы» — Алматыда бұрын-соңды болмаған интерактив-шоу

Продюсер Сергей Руцкойдың айтуынша, Қазақстанда мұндай деңгейдегі жаңа жылдық шоу бұрын-соңды болмаған.

«Біз ойын-сауық контентін жасау кезінде жаңа стандарттар орнаттық. Бұл жай ғана ең үздік  режиссерлерді жұмысқа тартып, сонымен қатар ең озық технологияларды, соның ішінде цифрлық декорацияны, лазерлік проекцияны, адам басқаратын ұшатын және интерактив нысандарды қолданып жатқанымызда емес. Тағы бір ең маңызды нәрсе бұл: біз гаджеттер әлемінде өмір сүретін және суперқаһарман болуды армандайтын қазіргі замануи балалардың тілінде сөйлейміз. Осылайша, Жаңа жыл кешін әр баланың жүрегінде жаңды үн табатын кейіпкерлермен, кеңістік пен уақытқа қызықты саяхатқа айналдыру идеясы туды», — дейді ол.

Қойылым уақыт машинасында ағасын іздеп шыққан қарапайым қазақ баласы Әлихан туралы баяндайды. Бірде тас дәуірінде, бірде перғауын сарайында, бірде Ежелгі Отырарда, бірде алыс болашаққа, елдер мен дәуірлерді батылдықпен аралайды. Уақыт мәңгілік тоқтап қалмас үшін, ол жаңа жылға дейін талай сынақтардан өтіп, мәңгілік кілттердің барлығын жинап үлгеруі қажет.

«Идеямыздың тағы бір артықшылығы – оқиғаны әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда Әлихан Жаңа жылды құтқарады, ал ертең ол жаңа қызықты сапарға аттанады. Ол не болмақ? Су асты патшалығында қазына іздей ме? Жаңа планеталарға аттана ма? Бүлдіршіндер ержүрек батырмен қайта кездесуді асыға күтеді. Тамаша костюмдер мен актерлердің, әншілердің, бишілердің, мимистер мен музыканттардың таланты саяхатты ұмытылмас етеді. Ал интерактивті оқиға көрермендерге, шоудың толық қатысушысы болуға және көптеген жаңа нәрселерді білуге ​​көмектеседі», — дейді сценарист Нұржан Тұтов.

Қазақ тілі және орыс тілдеріндегі ауқымды шоу 3 пен 12 жас аралығындағы көрермендерге арналған.

«Күрделі декорациялар мен арнайы эффектілер, жаңа формат пен масштаб және біз алғаш рет екпін қарқынын өзгертіп, нағыз отбасылық шоуды жасадық, осылайша бұл балалар үшін ғана емес, сонымен қатар бірге келген ата-аналары үшін де қызық өтеді. Сондай-ақ ұйымдастырушылардың қатарына «БОПЕ» Отбасы және неке институтын жаңғырту қорын қосқанымызды және билет сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі қайырымдылық мақсаттарға жұмсалатынын айта кеткен жөн. Өйткені, Жаңа жыл – баршаның басын біріктіретін мереке! Перде түсіп, оқиға жалғасын таба береді», — BAYEV GROUP бас директоры Алексей Баев.