Қазақстан халқының саны 19 миллион 715 мыңнан асты

Қалалықтар – 12 169,1 мың. Ауылдықтар – 7 546,1 мың. Халықтың 48,8% — ерлер, 51,2% — әйелдер.

2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 212 мың адамға немесе 1,1% өсті.

2022 жылғы қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда (222,3 мың адам) 0,6% кеміп, 221 мың адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2022 жылғы қаңтар-қазанда 333,1 мың сәби дүниеге келді, бұл — 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,4% аз (375,9 мың адам).

1 000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті — 20,37. Қарастырылып отырған кезеңде 112,1 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар- қазанға қарағанда 27% аз (153,6 мың адам).

Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1 000 адамға — 6,86 факті. 2022 жылғы қаңтар-қазанда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 2 684 нәресте тіркелді және 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (3 020 шетінеген нәресте) 11,1% кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1 000 туғанға шаққанда — 8,06 оқиға.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да