Басты бет Жаңалықтар «Кірпіш» Nokia 3310 енді қандай үлгіде шығады? (Фото)

«Кірпіш» Nokia 3310 енді қандай үлгіде шығады? (Фото)

Nokia 3310 бұрынғы дизайннан бас тартқан жоқ. Алайда телефонға бірқатар өзгерістер мен мүмкіндіктер енгізілді, деп хабарлайды Ria.ru сайты.

Жаңа Nokia 3310 телефоны енді әлдеқайда жеңіл және жұқалау болады. Сондай-ақ ол түрлі: қызыл, сары, жасыл және басқа да түстермен шығады. Дисплейі үлкейтіледі. Телефон батырмалары да үлкенірек болады.

Nokia 3310, жаңа дизайн

Mashable басылымының хабарлауынша, Nokia 3310 интернетке кіре алады. Бірақ қосымша беттер қосылмайды.

Nokia HMD Global компаниясы 26 ақпан күні Барселонадағы Дүниежүзілік мобильді конгресске апарылуы мүмкін. Сонымен қатар, Nokia 3, Nokia 5 және Nokia 6 модельдері де таныстырылады.

Жаңа телефон сәуір айынан бастап алғаш болып Малайзияда сатылымға шығарылады. Nokia брендімен құрылғылар шығару құқығына ие финдік компания телефонның құнын 59 еуроға бағалап отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version