Басты бет Жаңалықтар «Nokia 3310» телефондары қайта шығарылады

«Nokia 3310» телефондары қайта шығарылады

Ақпан айында HMD Global компаниясы классикалық Nokia 3310 телефонының жаңа нұсқасын таныстырады, деп хабарлайды Inform.kz

Nokia брендімен құрылғылар шығару құқығына ие финдік компания жаңа нұсқадағы телефонның құнын 59 еуроға бағалап отыр. Ол осы модельді қайтадан шығуын күтіп жүргендердің екінші телефоны болады деп болжауда.

«2000 жылы сатылымға шығарылған бұл телефон заманауи мобильді телефондар дәуіріне жол салды, қуаты ұзаққа жетеді және корпусы өте мықты», — деп жазды басылым.

The Independent газетінің хабарлауынша, телефон 27 ақпан-2 наурыз күндері Барселонада өтетін Mobile World Congress кезінде жұртшылық назарына ұсынылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version