Басты бет Жаңалықтар Месси «Барселонаға» ультиматум қойды

Месси «Барселонаға» ультиматум қойды

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси клуб басшылығынан үш футболшыдан арылуды талап етті. Олар: Люк Динь, Жереми Матье және Андре Гомеш. Бұл туралы DonBalon хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл талаптары орындалмаса, аргентиналық клубпен келісімшарт мерзімін ұзартпайтынын айтқан. Месси команданың франциялық ПСЖ-дан (0:4) ұтылғанына көңілі толмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы қарымта матч 8-ші наурыз күні өтеді.

Динь мен Гомеш каталониялық клубқа 2016 жылы келген болатын. Ал, Матье командаға екі жыл бұрын қосылған.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version